Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ» ТОЙЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша тойы тойланды.
Еліміз бойынша бір мезгілде өткен шара «Жаңа Қазақстан – бақытты балалық шақ мекені!» деп аталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, балғындарға Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.
«Айналайын балақай!
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Осы тамаша мейрам саған көп қуаныш әкелсін!
Келешекте отаныңды сүйетін үлкен азамат бол.
Білім мен еңбек сені биік белестерге бастайды.
Оқуда озат болып, спорт және шығармашылық
салаларында зор табыстарға жетуіңе тілектеспін!
Армандарың орындала берсін!» делінген құттықтау хатта.
Бұдан соң Мұрат Дүйсенбекұлы оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды 9 бен 13 жас аралығындағы 300-ге жуық балаға Президент сыйлығын тапсырды.
Жаңа жылдық ғажайыптар еліне саяхаттаған балалар танымал мультфильмдердің және халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысып, олармен ойын ойнады, ән айтып, би биледі.
Аяз ата, Ақшақар, 2023 жылдың символы — Қоян, музыкалық сүйемелдеумен танымал мультфильмдердің кейіпкерлері, аниматорлар, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен хореографиялық, театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Облыстың бас полицейі жеке құрам үшін ерекше форматта өте маңызды кездесу ұйымдастырды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ 15100 БЕН 15300 ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА

smarttop

Сіз қазақ тілінің қолданыс аясын қалай кеңейте аласыз?

smarttop

Пікір қалдыру