Smarttop.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Кеңбейл Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді

Вице-министр Шымкентке сапары аясында қала әкімдігі ғимаратында қаладағы бірқатар ірі кәсіпорын басшыларымен арнайы кездесу өткізді.
Жиын барысында вице-министр Кеңбейл Дәурен Маратұлы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтып өтті.
Кездесуден соң вице-министр бірнеше азаматтарды жеке қабылдады. Жеке қабылдауда мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты көтерілген мәселелерге толыққанды жауаптар беріліп, түсіндірілді.
Сонымен қатар, вице-министр Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға барды.
Атап айтқанда, «Аzala cotton», «АГФ групп», «Бал текстиль, «QAZALPACK» және «ЕВРО Кристалл» ЖШС-і кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысмен танысты.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Шымкент сити» ауданындағы Конгресс-холл құрылысының барысымен және «Әкімшілік-іскерлік орталығындағы» 4 автокөлікке арналған қосымша ғимарат пен өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты.
Сапар соңында вице-министр Шымкент қаласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Ұқсас ақпараттар

ПАРТИЯНЫҢ ҚАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

smarttop

Ордабасылық полицейлер аудандағы соңғы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

smarttop

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА ҮЗДІК ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ

smarttop

Пікір қалдыру