4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АТШАБАРДА ЖАТТЫҒУДЫ БАСТАДЫ

Шымкенттегі Бозарық шағынауданынан бой көтерген жаңа ипподромның құрылысы техникалық тұрғыдан аяқталып, қаладағы арнайы ат спорты мектебінің шәкірттері жаттығуларын бастады. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жоба жетекшісі және жас спортшылармен кездесіп, пікірлесті. Атқарылуға тиіс өзге де жұмыстардың барысын көрді.

Мұрат Дүйсенбекұлы ипподром шаһардың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынын айта келе, нысан құрылысының халықаралық талапқа сай жүргізілгенін және жаңа атшабар ат спорты және ұлттық спорт түрлерін қаламызда ғана емес, республика деңгейінде дамытуға бірден-бір сеп болатынын жеткізді.

Жоба жетекшісі Айдын Жәкежанов: «Жобаны аяқтауға бар күш-жігерін салған ұжымыма алғыс айтамын. Біздің сыйлығымыз тұрғындарға ұнайды деген үміттеміз. Ресми ашылуын наурызда жасауды жоспарладық»-деді.

Атшабар құрылысында 20 мердігер компания 500-ден астам жұмыс қолы жұмылдырылған.

Ипподром 1500 көрерменге арналған. Ат аренасы бар манеждерден басқа 53 ат қора, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, көмекші бөлмелер, 310 көлікке арналған кең тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғарғы қабатында ашық терраса бар. Жылқылар мен шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынды.

Сондай-ақ, көкпар мен атпен секіруге арналған алаңы да бар. Ол алаңдар кварцты құмымен толтырылып, табиғи тастармен, жасыл желекпен ерекшеленетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АРЫС ҚАЛАСЫ ҚОСТАНАЙМЕН БІРГЕ!

smarttop

ТҮРКІСТАН: «МЫҢ БАЛА» ОЛИМПИАДАСЫ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛДЕРДІ БИЗНЕСКЕ БАУЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру