Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫ: АЯҚЖОЛДАР МЕН АЯЛДАМАЛАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР

Абай ауданы аумағында орталық 80 көшедегі қарды күреп, тазарту жұмыстарын 25 арнайы техника атқарып жатыр. Атап айтқанда, 14 дана Камаз ПР, 3 дана трактор 82,1 , 2 дана трактор 320, 2 дана Газ-Саз, 1дана самосвал, 2 дана Газ 53, 2 дана жүк тиегіш техникалары жұмылдырылды.
Қар кешеден бері толассыз жауып жатыр. Осы себепті, орталық көшелердегі қар тазалау жұмыстарын «Build stroi» ЖШС жұмысшылары жедел қолға алып, тәулік бойына атқаруда. Орталық көшелер, аяқжолдар мен аялдамаларды тазалауға 175 адам жұмылдырылып, жұмыстар 4 бағыт бойынша атқарылуда.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тазалық мекемесінің жұмысшылары барынша үлгеруде. Қар күреу, тазалау жұмыстары аудан әкімдігінің бақылауына алынған.

Ұқсас ақпараттар

ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАТЫН БОЛДЫ

smarttop

ЖАСТАР — ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

smarttop

ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру