Smarttop.kz

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: 300-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Шымкентте толассыз жауған қардан қаланы тазарту жұмыстарына коммуналдық қызмет саласы қызу жұмысқа кіріскен. Барлық аудандар өздеріне қарасты аумақтарды тазарту бойынша жұмыстар атқаруда. Қаланы қардан тазалау бойынша атқарылатын жұмыс бақылауға алынған.
Мәселен, Каратау ауданына қарасты 90 көшедегі қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды. Оның ішінде: Камаз ПР – 15 дана КАМАЗ ПРП, 2 трактор-82,1,2 трактор 320, 3 Газ-Саз, 3 Камаз самосвал, 5 Газ 53, 1 дана жүк тиегіш техникалары бар.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аудан аумағындағы көшелерге, жол жиектеріне 200 тонна тұз, 1100 м3 құм себілді. Осы бағыттағы қардан тазалау жұмыстарын 330 қызметкер атқарды. Қарлы ауа райына байланысты бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Будущие десантники отправились в армию из Шымкента

smarttop

21 мамыр күні Қажымұқан стадионында футбол алаңында ОРДАБАСЫ-АҚСУ ойыны өтті

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР QR-КОДЫ АРҚЫЛЫ БОСАТЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру