9.3 C
Шымкент
Четверг, 23 октября, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖАУЫН-ШАШЫННАН ОЙЫЛҒАН ЖОЛДАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы жиын өткізіп, жауын-шашын салдарынан шұңқырлар пайда болған жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. Бүгінде ойылған жолдарды жамау жұмыстарын жүргізу үшін әр ауданға 5 бригададан бөлініп отыр.
«Уақытша жамау жұмыстары асфальт зауыты қайта іске қосылғанға дейін қарқынды жүргізілуі тиіс. Кәсіпорын ашылған соң орталық және ішкі орам көшелердегі ойықтарды асфальттеу жұмыстарына кірісіңіздер. Жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын Наурыз айының соңына дейін толық аяқтаңыздар» — деді қала әкімі.
Жолдарды күтіп үстау үшін жауаптыларға Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала көшелерінде ауыр жүк көліктерінің козғалысына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Мұрат Дүйсенбекұлы жолдағы көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін ең алдымен жол құрылысының сапасын қадағалау қажеттігін ескертті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 20 МЫҢ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР БАР

smarttop

Пікір қалдыру