16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«БАҚЫТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Девиантты мінез-құлықтың алдын алу” бағытында М.Горький атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектеп жастарына психология ғылымдарының докторы,профессор және де психоаналитик Заурет Бердіқұлқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы әңгімелесу кезінде клиент  психологқа өзі туралы,  басында туындап отырған  мәселесі жайында әңгіме қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап,  түйінді мәселелерді шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде қасиеттері бағаланады.Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама  беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірілі ұсақты мәселелерді шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды.Психологиялық кеңеске жүгінетіндер  өмір сүруге тым бейім емес және жұмыстан қолы бос адамдар. Өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт кетеді.Психологқа көп баратындардың бірі көбіне көп жолы болмайтын адамдар.Дәл осы жағдай олардың  мамандардан кеңес сұрауына итермелейді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да кездеседі.Бұл адамдар қандай жағдай болса да психологқа көп барады. Олар бастарында мәселе туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде, тығырықтан шығар жол таба алмағанда ғана психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз мәселесін  қалай  шешуді білмей басы қатқанда  жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың ойынша жан дүниелеріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамдармен аралары алшақтап кеткендей  күй кешеді.
Іс-шара мақсаты — жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын-алу болып табылады.
Девиантты мінез-құлық — балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерінен ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттен туындайды. Бұндай іс-әрекеттер, көп жағдайда отбасындағы тəрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан туындайды.
Заура Бердіқұлқызы жастарға девиантты мінез-құлықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық ойындар ойнатты.

Ұқсас ақпараттар

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» НӘТИЖЕСІ

smarttop

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӨКІЛДЕРІ ІС САПАРМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

smarttop

БАЛА САУЛЫҒЫНА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕКЕМЕ

smarttop

Пікір қалдыру