26.7 C
Шымкент
Понедельник, 29 июня, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер жаяу жүргіншіден марихуана тапты

Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аймақта күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізеді. Осындай кезекті тексеру кезінде учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ж.Нағи көше бойында жүрісі күдік тудырған азаматты байқайды.
Содан созақтық полицей тексеру барысында, орта жастағы ер адамның күртешесінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты анықтады.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы, яғни «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Жаяу жүргіншіден тәркіленген зат сараптамаға жолданды. Ол 2 грамға жуық «марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ РЕСЕЙГЕ КӨКӨНІС ЭКСПОРТТАЙДЫ

smarttop

Шесть семей в Шымкенте отметили новоселье благодаря программе реновации

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН РЕЗЕҢКЕ ЖАБЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру