13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 57 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту” орталығында әлеуметтік салада атқарылған жұмыс бойынша арнайы баспасөз туры өтті.
Халықтың әл-ауқатының жақсаруы — жұмыспен қамту мәселесіне тікелей байланысты. Бұл бағытта орталықта 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 30 500-ін «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, 57 181 азаматтың 42 714-і тұрақты, 6 617-сі уақытша жұмыспен қамтылмақ.
Сонымен қатар, «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бағдарламасымен биыл 1671 азаматты оқыту жоспарланып отыр.
– Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік мамандықтарды оқыту бойынша қаламызда өткен жылы 2400 адам қысқа мерзімді курстарда білім алды. Бұл бастама елімізде жұмыссыздар қатарын азайтып, кәсіпорындардағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосып отыр, – дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков.
Айта кетейік, биыл «Отбасының цифрлық картасы» ұлттық жобасы іске қосылып, тұрғындарға әлеуметтік статусына қарай мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін SMS хабарламалар жіберіліп отыр. Мәселен, бұл жүйе бойынша АӘК алушылардың орталыққа құжат тапсыруы талап етілмейді. Ұялы байланысқа түскен SMS хабарламаға жолданған жауап арқылы әлеуметтік көмек алушының өтінімі қабылданған соң, арнайы комиссия тексеріп, тағайындайды.

Ұқсас ақпараттар

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ӨЗ ҚАЛАМЫЗҒА ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

smarttop

«МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру