3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

«АРДАҚТАЙЫҚ, АЯЛАЙЫҚ АНАНЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК БАЙҚАУ ӨТІП ЖАТЫР

Шымкентте 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ардақтайық, аялайық Ананы» атты ақ жаулықты аналарға арналған сайыстың ақтық кезеңі өтті. Салт-дәстүрді дәріптейтін бәйгеге аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Салтанатты кеш қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың құттықтау сөзімен басталды.
–Қазақ елі қашанда ақ жаулықты ананы ардақтап, аруды аялаған, асыл жарды бағалап, қарындасқа қамқор болған. Осы дәстүрдің арқасында біздің қыздарымыз ежелден еркін өсіп, ерлермен бірге ел басқару ісіне араласқан. Ана –өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, ізгіліктің жаршысы. Мейірімді, сұлу жүздеріңізбен әрбір жүрекке жылу беріп, отбасын берекеге бөлейтін, өскелең ұрпақты өнегелі тәрбие беріп, тіршілікке нәр беретін ерекше күш иесі де өзіңізсіздер. Қазіргі қоғамда да әйелдер тек отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы болып қана қоймай, мемлекетіміздің дамуына да белсене араласып келеді. Қаламыздың әйелдер қауымына жаңа мүмкіндіктерге жол ашылған. Отбасы институын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың аса маңызды басым бағыттарының бірі. Өйткені, әйел бақытты болса, әлем нұрға бөленеді, — деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Төрт кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы таныстыру бөлімінде өзі, отбасы туралы баяндаған бірі қара сөз, бірі көркем сөз арқылы жеткізсе, бірі әнге арқау етіп, бірі монологпен тебірене айтып берді. Ал, екіншісі салт-дәстүрден сыр шертетін қолөнер бұйымдары мен ұмытылып бара жатқан дәстүрлер, отбасындағы құндылықтар жайында болды. Үшінші кезең «Есті ене — өнегелі келін», соңғы кезеңде үй тапсырмасы, яғни «Ас — адамның арқауы» бөлімінде ұлттың ұмыт бола бастаған тағамдардың дайындау тәсілін баяндап беруі қажет. Әр бөлімге 5-7 минут аралығында уақыт берілген.

Ұқсас ақпараттар

БЕЛСЕНДІ АРДАГЕРЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫНДА

smarttop

Полицейлер тұрғынның көлігінен 1 келіден астам есірткі тапты

smarttop

МӘРТӨБЕЛІКТЕР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру