20.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІГІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында 2 236 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ішінде 1 823 үйге жаңа басқару жүйесіне көшкен. Реформаны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «EASY project» бағдарламасы арқылы іске асуда. Қазіргі таңда кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыстар туралы тиісті мәліметтер аталған бағдарламаға енгізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жөніндегі тетігін жақсарту мақсатында заң жобасы әзірленіп Парламенті Сенатында мақұлданды.
Ұсынылғын заң жобасында қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны 30-ға дейін шектеледі. Осыған байланысты басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылып отыр. Бұл форма 16-ға дейінгі пәтерлері бар үйлер үшін қаралған.
Сонымен қатар, Заңда жергілікті әкімдіктердің тұрғын үй басқармасына тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын болмаған жағдайда, уақытша басқаратын компанияны айқындап беру туралы норма енгізілді.
Бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінің лифтін ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі. Бұл ретте пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бюджет қаражатын қайтаруы көзделеді.Сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке шығаруға тыйым салынды.

Ұқсас ақпараттар

ПРОДОЛЖАЕТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО ПОДЗЕМНЫХ ПЕРЕХОДОВ

smarttop

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

smarttop

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН «GRAMAD» СУПЕРМАРКЕТІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗҒА ИЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ АРЗАНДАТЫЛҒАН БАҒАМЕН САТЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру