22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП ЖАТҚАН ЭТНОАУЫЛДА 160 КИІЗ ҮЙ ТІГІЛДІ

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Көптен күткен ұлы той. Әз-Наурызды асыға күтетін қазақ халқы үшін Наурыз мерекесі ақ түйенің қарны жарылған күнмен тең. Наурыз — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазақ халқы бұл мерекені айрықша бағалап, оны жыл сайын­ тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.  Иә, бұл кезең нағыз жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы десек те болады, себебі, табиғат ананың да қайта жанданып жаңа өмірге қадам басар шағы. Әрбір отбасы наурыз мерекесіне ерекше дайындалатыны сөзсіз. Себебі бұл кез – жаңару, құлпыру, шаттану сезімдері мен жайдары көңіл күйге толы кезең. Көктемнің өзі күллі тіршіліктің, табиғаттың жаңаратын мезгілі. Әз-Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып қазан-қазан көже ішіп,  көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл күндері ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі айтылады. Ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» – деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Біздің жаңа жылымыз – Наурыз, айдың басында болсын, ортасында болсын, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Наурыз мерекесіне арналған сайық-сайранда ауылдың алты ауызынан ән салған әжелер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.Жаңа жыл тойлау Шырайлы Шымкенттен бастау алуда.

Шымкентегі этноауылда ұлттық мерекеде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталуда. Ақ шаңқан үйлер тігілді. Ұлттық спорттан бәсеке қызып, алтыбақанда тербелген жастар ән салуда.

 

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ АҒЗАСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

smarttop

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАССМЕДИАНЫҢ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРАДЫ»

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру