5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ МЕКТЕП ҒИМАРАТТАРЫН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САҚАДАЙ САЙ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жүргізіліп жатқан білім ошақтарының құрылысымен танысты. Алдымен М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп-гимназиясының қосымша корпусының құрылысын тексерді. Заманауи талапқа сай бой көтеріп келе жатқан ғимарат мыңнан аса оқушыға арналған. Жобаға сай мұнда 250 орындық АКТ залы, спортзал, кітапхана және 320 орындық асхана қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылысы екі жыл бұрын басталған нысанды жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беруді тапсырды. Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Ең бастысы құрылыстың сапасына ғана емес, балаларға беретін білімнің де сапасына аса көңіл бөлу керек. Мұғалімдерді таңдағанда осы тұсты ескерген жөн».

Бүгінде мектептердің жабдықталуына және безендіруіне жаңа талаптар енгізілген. Сондықтан да мектеп ғимаратындағы жұмыстар барысы құрылыс аяқталғанда емес, іргетасы қаланғаннан бастап қадағалауда болуы тиіс.

Тапсырмалардың бірі- кадр мәселесі құрылыс аяқталғанда емес, пайдалануға берілмей тұрып шешуі керек. Ең маңыздысы, бұл мектепке осындағы барлық шағынаудандардан балалар келіп оқиды. Сондықтан да автобус бағыттары мәселесін қазірден бастап шешу керек.Сондай-ақ қала әкімі жауаптылармен бірге № 45 мектеп-гимназиясының 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысын да қадағалады. Ғимаратта оқу сыныптарынан бөлек, жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қамтылған.Мектептердің оқушыларға және мұғалімдерге деген жайлылығын қамту бірінші орында.Мектептердің құрылысы Шымкент қаласы әкімінің жіті назарында болуда.
Құрылыс алаңдарын аралаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, барлық нысандарды өндірістік кестеге сай қыркүйекке дейін қолданысқа беруді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

«ЕЛТАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру