Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов балық шаруашылығының жайымен танысты. Маятас елді мекеніндегі «Бадам» су қоймасының жанынан құрылған «Айнакөл 2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің балық шаруашылығында болды. Қазіргі таңда су тоғанының жанындағы жасанды көлге 50 мыңнан аса балық шабақтары жіберілген. Көлдің аумағы 5,5 гектарды құрайды. Кооператив басшысы Дильдахан Ахметов үкімет қолдауларын ұтымды пайдаланып, қалада балық өндірісін дамытуды көздейді. Балықшылар үшін маңызды мәселенің бірі – жыл сайын берілетін лимиттің немесе квотаның уақытында шықпауы жыл сайын қайталанатын жағымсыз құбылысқа айналды. Көктемгі балық аулау мерзімінің қысқа екенін ескеріп, құжатты алдын ала қараша-желтоқсан айларында қабылдау қажет. Сенатор пікірінде айтылғандай, бұл сала дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отырған мәселенің бірі – құжаттардағы қисынсыздық.
Жеке кәсіпкер Равшан Махамадов те қолдан жасалған су тоғанын құрып, балық асырауда. Бүгінде жасанды көлге балық шабақтарын жіберіп, алғашқы тәжірибелік жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы шаруашылығын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Қала басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етуде, экпорт көлемін арттыруда нақты тапсырмалар жүктеді. Бізге болашақта бекірені терең өңдеу, өнімі мен уылдырығын экспортқа шығару міндеттелді. Бірақ оған тиісінше инфрақұрылым, зертханалар қажет. Оған қоса жыл сайын азайып бара жатқан бекірені қорғау мен қатар насихаттай да білуіміз кезек күттірмес мәселелерді бірі болды. Жалпы әлемдік балық шаруашылығындағы алпауыт елдердің үлесі миллиондаған тоннамен есептеледі. Біз оған жетуді көксемесек те, қазіргі қарқынмен 2023 жылға бекітілген тауарлы балық өсіруді 5 мың тоннаға жеткізу жоспарының да орындалуы қадағалауда.