Smarttop.kz

Полицейлер үй иесінің мүлкін жымқырған жалға алушыны анықтады

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйін жалға алған жас жігіт тұрмыстық және құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын жымқырып, 900 000 теңгеге жуық шығын келтірген. Соңында үйін сеніп тапсырған жалға алушымен байланыса алмаған тұрғын, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Ақпарат алысымен полицейлер ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні құрықтауға іске кірісті. Куәлардан жауап алып, сезіктінің жүрген жерін анықтады. Астана қаласынан жеткізілген сезікті, ұрлық жасағанын мойындады.

Анықталғандай, ол үй иесі 2 айдай уақытқа Алматыға кеткенде, арам ойын іске асырған. Яғни жәбірленуші құлыптап кеткен бөлмеге ұрлыққа түскен. Содан ұрланған заттардың бір бөлігін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Іс бойынша айғақты заттардың бір бөлігі алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Ұқсас ақпараттар

3 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған екеу сотталды

smarttop

Полицейлер 1 тәулікте 2 есірткі егу дерегін анықтады, оның бірі фитозертханадағы жайт

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢАРУДАН ӨТКЕН КІТАПХАНАЛАР ҚАЛА МӘДЕНИЕТІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру