16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АБАЙ АУДАН АУМАҒЫ БОЙЫНША 27 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 25 ЕЛДІ МЕКЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Абай аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 25 елді мекені (92,7%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.
Асар-2 шағын ауданы электр жарығымен 70% қамтылған болса, Қайнарбұлақ тұрғын алабы электр жарығымен 24 % қамтылған.
Биыл абай ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 54 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда.
Өткен жылы Абай ауданындағы көшелерді 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жетті.
Биылғы жылы көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарланды. Қамту көрсетікші 13,6 пайызға жететін болады.
Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 410-ға жететін болады.

Абай ауданында мектепке тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «жайлы мектеп ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда.Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал білім ордасына тапшылық -7 болса, мектеп жоқ 2 елді мекен бар. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.

Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.
Ал аудан бойынша жалпы 6 мәдени нысандар туралы бар. Сонымен қатар, халық қатысатын бюджет аясында 2023 жылы 23 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды.

Ұқсас ақпараттар

ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ТӨМЕН ТҮСІРІЛДІ

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру