4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН АЯҚТАЛДЫ

✅Соңғы үш күн ішінде өндіріс ошағы ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель жөнелтті. Әзірге Шымкент пен Түркістан облысын қамтып отыр. 🏭Зауыт былтыр 6,2 млн тонна мұнай өңдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеу жоспарлануда. Оның 110,1 мың тоннасы бензин, 114,8 мың тоннасы дизель отыны, 15,1 мың тоннасы сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тоннасы авиаотын, 77,6 мың тоннасы мазут. 🔷Президент зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізуді міндеттеген болатын.

Біз жұмысымен танысып отырған Шымкент мұнай өңдеу зауыты соның бір дәлелі. Аталған мекемеде өң­делген өнімдердің сапасы артып, шетел нарығында саудалануда. Кәсіпорын екі елдің сала мамандарының ұжымдық бір­лігінің, тынбай еңбектенуінің арқа­­сында ғана осындай жетіс­тіктерге жетіп отыр.

Зауытты жаңғырту және реконс­трукциялау ауқымды жобасын іске асыру бойынша бірлесіп сапалы еңбек еттік. Енді соның жемісін көріп отырмыз. Осы мекемеде қаншама қазақстандық жас біліктілігін арттырып, отандық мұнай өңдеу саласында мықты маманға айналуда. Олардың бо­йын­дағы талпыныс, жаңалыққа ұмтылғыш қасиет бізді қуантады. Қазақстанның әр өңіріндегі біздің мекемеден түлеп ұшқан жастармен, жақсы мамандармен әрқашан мақтанатынын жеткізді. Шымкент мұнай өңдеу зауыты.1985 жылы тұрғызылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикадағы ең жаңа зауыт болып табылады. Зауытта Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің қазіргі көлемінің шамамен 30%-ы қайта өңделеді. Шымкент МӨЗ – бұл Қазақстанның оңтүстігінде, республиканың халық ең тығыз қоныстанған бөлігінде орналасқан мұнай өңдейтін бірден бір зауыт. Осы кәсіпорынынң қолайлы географиялық орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін есепке алса, ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін онда барлық алғышарттар бар

Ауқымды жоба «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ мен CNPC E&D компанияларынан алынған тең қарыз есебінен қаржыландырылды, сондай-ақ «Қазақстан даму банкі» АҚ-тан да қарыз алынды. Жобаны іске асыру үшін 1,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды.

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫНДА ДЕМЕУШІЛЕР УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН 16 ГАЗ ДАТЧИГІН ОРНАТТЫ

smarttop

2024 ЖЫЛДАН БАСТАП EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУДЫ ШЕКТЕУ МҮМКІНДІГІ ПАЙДА БОЛДЫ

smarttop

ТІСІ АУЫРҒАНДАРДЫ ТҮНДЕ ДЕ ЕМДЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру