Негізгі месседждер:
✔️«Бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет»
✔️«Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар»
✔️«Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды»
✔️«Өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейді, оның пайдасынан гөрі, зияны көп»
✔️«Шетелде бізді кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп атайды»
✔️«Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады»
✔️«Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек»
✔️«Деструктивті насихаттарға біздің еліміздегі балалар да ілесіп кетіп жүр. Сондықтан мұның зардап-залалы өте зор болуы мүмкін»
✔️«Ата-бабасын ұлықтауды сұрап ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады»
✔️«Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек»
✔️«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік»
✔️«Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет»
✔️«Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс»
✔️«Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек»
✔️«Мен Мемлекет басшысы ретінде әрбір мәселені ашық талқылауға дайынмын»
✔️«Аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда, жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ»
✔️«Еліміздегі мемлекеттік аппараттың сыртқы және ішкі саясатқа қатысты шешімдерінің бәрі популизмді және құбылмалы ахуалдарды емес, іргелі жалпыұлттық мүдделерді негізге алуы керек»
✔️«Қазақстан – бәріміздің қасиетті қара шаңырағымыз. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс»