Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Солтүстік саяжай шағын ауданын табиғи газбен қамту барысын тексерді. Қазір сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Жуырда белгіленген орындарға абоненттік газ реттегіш шкаф пункттері орнатылады. Құрылыс толық аяқталғанда 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады. Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзекті мәселелерді зерделей отырып, газдандыру жұмыстарын өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.Елді газбен толық жабдықтау, газ химиясын дамыту үшін жаңа, тиімді бағыттарды қарастыру қажет болатыны белгілі. Айта кету керек, қаншама жылдар бойы мұнай өндіруді алдыңғы орынға қоя отырып, отандық газды болашақтың энергия көзі ретінде қарастыра алмадық. Оған қоса негізгі көмірсутегі кен орындарында өндірумен айналысатын батыстық компаниялар үшін мұнай өндіру пайдалы болды. Кеңес дәуірінде игеріле бастаған кен орындары сарқыла бастады. Ал газды өндіру мен тасымалдау үшін барлық газ инфрақұрылымдарын жаңғырту қажет. Бұл ретте солтүстік-шығыс аймақтарды газдандыруды тездету үшін жасаған талпыныстарымыз әлі толымды нәтиже бермей келеді. Экономистердің айтуынша, кезінде салада геологиялық барлауға, инфрақұрылымды дамытуға тиісті қаражат салынғанда, газ тапшылығы мәселесі қазіргідей өткір тұрмас еді.
Бірақ бұл көлемнің үштен бір бөлігі мұнай құбырларының болуына байланысты республиканың негізгі экспорттық тауары саналатын мұнайды өндіруге қажетті қысымын ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдалады. Кері айдаудан қалған газ көлемінің бір бөлігі негізінен «Қазақстан ‒ Қытай» газ құбыры арқылы көршілес Қытайға экспортталып, қалғаны ішкі нарықта қалады. Былтыр экспорт 5 млрд текше метр шамасында болды. Ал ішкі тұтыну белсенді түрде өсіп келеді. Осы жылы өндіру 28 млрд текше метрді құрайды деп болжанса, 2029 жылға қарай жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, кен орындарын өнеркәсіптік өндіріске қосу есебінен 30 млрд текше метрге жетпек.