Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің алданып қалғаны жөнінде шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, таныс әйел «мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып беремін» деп алдап, алдын ала 600.000 теңге қаражатын жымқырған.
Алайда арадан біршама уақыт өтіп, уәдесін орындамаған танысы күн санап түрлі сылтауларды айтып, уақытты оздырған Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстары жасалып, полицейлер бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады.
Нәтижесінде сезікті әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Ол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.