0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған жергілікті тұрғынды ұстады.
Мәселен, полицияға ауыл тұрғындарының бірі арызданып, белгісіз біреу үйіне кіріп, теледидарын ұрлап кеткенін жеткізді. Ұрланған техниканың құны шамамен 200 мың теңгені құрады.
Полицияға осындай арызбен тағы бір жәбірленуші әйел хабарласып, үйінен мотор мен мыс сымдары ұрланғанын, өзіне 170 мың теңге шығын келгенін хабарлады.
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Сауран аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы үй ұрысын ұстауға жұмылдырылды.
Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні анықтап, ұстады. Аудандық полиция бөліміне жеткізілген сезікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, ер адам жәбірленушілердің үйлеріне кіріп, қолына түскен құнды заттарды ұрлап, жасырынған. Бүгінгі таңда полицейлер күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың 3 дерегіне қатысы барын анықтады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сондай-ақ оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған қосымша іс-шаралар жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

ЖАНУАРЛАРДЫ ЭНЗООТИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТОЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру