Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

❇️ Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде. 🔷 Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ұсынды. Компания бір ай ішінде қала аумағында қалдықтарды жою бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ: 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру