18.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Шымкент: Қала қауіпсіздігі үшін 1500 бейнекамера орнатылады

❇️ Цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында 2023 жылы 1500 дана бейнекамералар орнату көзделген. Сондықтан ҚР Президенті Қ.Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында биылғы жоспар бойынша арнайы қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жеңімпаздар анықталуда. 🔷 Сондай-ақ, бұған дейін «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша орнатылған бейнекамералардың арқасында мегаполисте қылмыс деңгейі әлдеқайда төмендеген. Бейнекамераларға байланысты Шаһар басшысы қаладағы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтқан болатын. 🔷 «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы деректерді өңдеуге, әр¬түрлі ситуацияда тиімді жұмыстарды ұйым¬дастыруға мүмкіндік береді. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа, бұл жоба мегапоистің тыныс-тіршілігіне талдау жүргізуді оңайлатып автоматтандырады. Сондай-ақ жо¬баны іске асыру қала тұрғындары¬ның өмір сүру сапасын арттырады, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған. 🔷 Айта кетейік, биылғы орнатылатын бір жарым мың камераның 500-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 2024 жылға 2000 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 15 АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ МАШИНАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру