Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУГЕ ОН КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

❇️ Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағынауданында болып, жауаптылармен бірге елдімекеннің даму жоспарын пысықтады. Шағынауданда бой көтерген 88 тұрғын үйдің 70-і пайдалануға берілген. Қазір 18 үйдің ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысандарға инженерлік-инфрақұрылым жүйелер тартылып, жолдар салынуда. ❇️ Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларымен, құрылысқа жұмылдырылған мердігермен кездесіп, жұмыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қала әкімі жауаптыларға құрылыстың сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуын бақылауға алуды тапсырды. «Он күн ішінде тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, орын алған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру қажет. 🔷 Барлықтарыңызды жауапкершілік таныта отырып, жылдам, тиянақты жұмыс істеуге шақырамын», — деді қала әкімі. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСА АУЫР ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Пікір қалдыру