16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРМЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Мейірімді жүрек» тақырыбында келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу бағытында М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің жастарымен кездесу өтті.
Мақсаты — жастар арасындағы психологиялық сауаттылықты арттыру, ұйымдастырушылық қабілеті мен командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Кейбір жағдайларда адам күйзеліске тап болады. Күйзеліс жағдайынан тыс қалуға кепілдік бермейді. Сонымен қатар да күйзеліс өмірдің бір жағымсыз жағдайы деп айтуға болады. Күйзеліске қарсы тұра білетін адам, күйзеліс жағдайында оған төте бере алады және оны жеңуге тырысады. Әр адамның күйзеліске реакциясы әрқалай болады. Ол тұлғаның типологиялық ерекшелігіне байланысты. Біреуі көп сөйлеп, тез қимылдайды. Басқалары баяу жүріп, үнсіз болып қалады. Сондықтан күйзеліс процесі әр адамда арқалай өтеді деп айтуға болады. Ал балаларда балалық шақтағы жанұя дау-жанжалдары арқылы басталады. Бірақ мектептеде, жанұяда да өзіндік сезімдерін өзгертуге әдейі үйретуге болмайды. Сондай-ақ кейбір келеңсіз жағдайларды женіп шығу қиын. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді…
жас мамандар арасында  келеңсіз жағдайдың алдын алуға байланысты кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Спанова Жаныл Канибеков қатысып, өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту жөнінде сөз етіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері қатысушыларға психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірнеше тәсілдерден тұратын ойындар ұйымдастырды.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады

smarttop

«ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІ ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ҮЗДІК 11 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

smarttop

А-2 АЙНАЛМА ТАС ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ 82% ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру