Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беруге келісу туралы не себептері дәлелді түрде негізделген бас тарту туралы шешімін өтініш берушіге жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беруге келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді не бас тарту туралы хабарлайды.
Қандас мәртебесін алуға жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш беруші және оның отбасы мүшелері (бар болса) қандас мәртебесін алу үшін тұрғылықты жеріне келгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға жүгінеді.