Бүгін Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «MENIN TEGIM» компаниясының иегерлері ағайынды Батырбай Диас және Батырбай Ілияс жастармен кездесті.
Мақсат — жастарды кәсіпкерлікке баулу, кәсіп бастауға деген ынталарын арттыру.
Кездесуге Орталық Азия инновациялық университеті жастары мен Аль-Фараби академиялық мектебінің жастары қатысты.
Ағайынды бауырлар тегін ұмытпай, жеті атасын жатқа білетін ұлттың ата тегін тектеп жазатын тақтайшалар мен түрлі ыдыстарға арнайы атау жазады.
— Өткен жылы барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізіп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалды. Бұл жылғы меже одан да жоғары. Ел дамуындағы оң өзгерістер бизнеспен тікелей байланысты болғандықтан саяси реформаларды бірлесе жүзеге асыру керекпіз. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлер қоғамға, халыққа қызмет етсе, бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Осыған орай қаламыздың бизнес өкілдерін жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын. Әкімдік тарапынан барлық қолдау шаралары болады, — деді М.Әйтенов.
— Жеке кәсіп бастау ол оңай жұмыс емес. Көп еңбек пен тәуекелді талап етеді. Осы екі типті дұрыс еңсере алсаңыздар ғана кәсіптеріңіз дөңгелемек, — деді Батырбай Диас.
Кездесу барысында жастар спикерлермен түрлі пікірлер алмасып, жетістікке жету жолындағы ақыл-кеңістерімен бөлісті. Сондай-ақ ағайынды кәсіпкерлер жақында ғана кәсіптерін ары қарай дамыту мақсатында “Даму” кәсіпкерлік қорында өз жоспарларын сәтті қорғап, грант иегері атанғандарын да жасырмады.
Сонымен қатар кәсіпкерлер белсенділік танытқан жастарға сыйлық ретінде жеке өнім заттарын сыйға тартты.