Шымкентте қазір 7 білім нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Олар №8, №65, №45 мектептерге арналған қосымша ғимараттар, №4 өнер мектебі, Шымкент қалалық әкімшілік іскерлік орталығындағы оқушылар сарайы және №10 колледжге қосымша ғимарат. «Балаларды ерте дамыту мәселесі біз үшін ерекше маңызға ие. Бұған дейін бұл бағытқа тиісінше көңіл бөлінбеді. Көбінесе сандық көрсеткіштерге назар аударылып, сапа мен мазмұн назардан тыс қала берді. Бүгінгі таңда 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 98,1%-ға жетіп отыр. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 83,6%-ды құрайды. Бұдан былай біз сандық көрсеткішке емес, сапа мен мазмұн мәселесіне басымдық береміз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленді. Жаңа модель жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұған қатысты үкімет қаулысы қабылданды», –деді Асхат Аймағамбетов онлайн форматта өткен республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында. Сонымен бірге, арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау, тамақтану нормалары мен мөлшерін қайта қарау, асханалардағы қолма-қол ақшасыз төлемдерге біртіндеп көшу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жан басына қаржыландыру, кибер мәдениетті қалыптастыру мәселелерін 100% шешу жоспарланған. Сондай-ақ, буллинг пен суицидтің алдын алудың бірыңғай бағдарламасын енгізу жоспарлануда. Биылғы жылы бітуі тиіс бұл нысандардың құрылыс жұмыстарының сапасы қала әкімінің қатаң қадағалауында. Сондай-ақ, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі