7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — халқымызға тән батырлық пен ерліктің, Отансүйгіштіктің мерекесі. Атаулы күннің жас буынды патриоттық бағытта тәрбиелеуде маңызы айрықша. Өскелең ұрпақты ерлікке үндейтін мерекелік іс-шаралар шеруі Шымкентте бүгіннен басталып кетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимн шырқалып, көпшіліктің рухын көтерді. «Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Осы жылдар арылығында ұлттық армиямыз түрлі даму сатыларынан өтіп, жылдан жылға қуаты артып келеді. Бүгінде дайындық деңгейі жоғары, жауынгерлік рухы асқақ, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталған. Айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады” — деді қала әкімі. Әскери мамандар даярлау ісінде жетістіктер болғанымен, бұл қорғаныс саласында түйткілдің жоқтығын дәлелдемесе керек. Бүгінде еліміздегі ең ауыр дерт – жемқорлық та әсте-әсте әскерилер арасында да қылаң береді. Қорғаныс саласын бекемдейді деп бөлінген қаржыны қалтаға басу, заңсыз қару-жарақ саудасына жол беру, тіпті, қорғаныс саласын реттейді деп жүргізілген мемлекеттік сатып алулар барысында «бармақ басты, көз қысты» әрекетке бару. Мемлекетке тиесілі қаражатты миллиондап, миллиардтап қалтасына басатын кейбір әскери шенділер қорғаныс пен қауіпсіздікке назар аударудан қалып бара жатқан сыңайлы. Сөйте тұра, Қорғаныс министрлігі өткен жылы әскери саладағы парақорлық деңгейінің үш есе азайғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ М.Дүйсенбекұлы бір топ әскери қызметкерді Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар жиында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев Қарулы күштердің ардагерлері мен жауынгерлерді мерекесімен құттықтап, жоғары деңгейде қызмет атқарған сардарлар мен сарбаздарды марапаттады. Жиын соңы сарбаздар мен жергілікті әскери оқу орындары курсанттарының және эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі