Ардагерлерімізді ұлықтау – ұрпақ парызы. Қарт майдангерлеріміздың жыл сайын қатары сиреп бара жатқаны өкінішті. Бұл күнде Шымкент қаласында 3 соғыс ардагері тұрады. Соның бірі Абылай Қазбаев — Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғыны, Берлин түбіндегі шайқасқа дейін барып, жеңіс туып желбіретіп қайтқан. Нина Егорқызы Мосунова екінші дүниежүзілік соғыста радистер командирі, пулеметші болды. Үшінші ардагеріміз Мұраталы Төлепбергенұлы Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенбург, Перлеберг қалаларының шайқасына қатысқан. Жеңіс күні мерекесіне орай ҰОС ардагерлеріне 1 500 000 теңге сыйақы беру жоспарлануда. Яғни, Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ардагерлер есеп шоттарына 1 242 000 теңгеден аударылса, 258 000 теңгесі демеушілер есебінен берілетінін хабарлаймыз. Сондай-ақ жергілікті майдангерлерге коммуналдық қызметтер төлеміне жеңілдіктер берілген. Ардагерлерге кезектен тыс санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі. йта кетейік, Негмат Гареев 1938 жылы 22 жасында Кеңес әскеріне алынған. 1941 жылы алғашқылардың қатарында майданға аттанып, жаяу әскер ретінде алғы шепте шайқасқан. Ауыр жараланып, елге қайтқанымен арада бір жыл өтпей майданға қайта шақырылып, әйгілі 202 атқыштар девизиясының қатарына қосылған. Курск түбіндегі шайқастан бастан бастап Германияға дейін барған. Жеңіске бірнеше күн қалғанда екінші рет ауыр жараланып, 9 мамырды госпиталда қарсы алыпты.
Оқ пен оттың арасынан аман өткен ардагер бейбіт өмірде ел дамуына еселі еңбегімен үлес қосқан. Нан зауыты, вагон деполарында еңбек етіп, гидролиз зауытынан зейнетке шықты.
Ардагер 1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдермен марапатталған. Сонымен қатар мереке қарсаңында мәслихат шешіміне сай тыл ардагерлеріне 12 АЕК немесе 41 400 теңгеден төленеді. Жалпы қалада үш ҰОС ардагерінен өзге 2183 тыл ардагері тұрады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі