Шымкент қаласының Ұлттық теннис орталығында жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 1-13 мамыр аралығына жоспарланған Junior Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup Азия/Океания аймағының іріктеу сайысына 16 жасқа дейінгі аталған аймақтың ең мықты жасөспірімдері бақ сынайды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов іс-шарада көпшілікті бүгінгі мерекемен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Шымкент қаласына қош келдіңіздер. Әлем чемпионатына іріктеу сайысының қаламызда ұйымдастырылуы үлкен мәртебе, айтулы оқиға. Осы ретте халықаралық теннис федерациясына, ҚР Теннис федерациясына және демеушілерге алғысымды білдіремін. Турнирде шын мықтылар жеңсін!, — деді қала әкімі.
Сонымен, әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері қатысқан сайыстың жеңімпаздары анықталды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бүгінгі белдесулерде топ жарған балуандарды марапаттап, жерлестерімізге алдағы додаларда сәттілік тіледі. Сайыс жеңімпазына 1 миллион теңге, екінші орынға 500 мың, үшінші орынға 300 мың теңге сыйақы берілді. Айта кетейік, «Шымкент барысы» қалалық іріктеу турнирінде белгілі балуан Ерсұлтан Мұзаппаров жеңіске жетті. Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Әбдімәліков екінші орынға ие болды. Енді олар шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғайды.
ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев сайыстың маңызы зор екенін атап өтіп, барша ұйымдастырушыларға рақметін жеткізді.
Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу елімізде алғаш рет өтіп жатыр. Жасөспірім қыздар және ұлдар арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан, Аустралия, Қытай Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам командалары қатысады.
Айтулы додада ел намысын Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облысы және Астана, Алматы қалаларының жасөспірімдері қорғайды. Отандастарымызға сәттілік тілейміз.
«Шымкент келбеті»