0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ БІР АЙ ІШІНДЕ ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІППЕН АЛИМЕНТ ӨНДІРУ БОЙЫНША ТИІСТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАМАҒАН ЖАҒДАЙДА ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛУҒА ЖАТАДЫ

Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет.
Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады.
Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыздары бойынша өткен жылы 2 жеке сот орындаушысы лицензияларынан айырылған.
Жалпы Департамент 2022 жылы сот орындаушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 2 560 жолданымы, сондай-ақ 25 168 сұраныс, басқа да түрдегі құжаттар қаралды.
Түскен жолданымдардың сипаты: 1 031 (40%) – алимент өндіру мәселелері, 391 (15%) – ақша қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру туралы, 740 (29%) – тыйымдарды және мәжбүрлеп өндіру шараларының күшін жою.
Өз негізін тапқан жолданымдар саны – 211 (8%).
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 130 тәртіптік өндіріс басталып, 1 жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған, 4 жеке сот орындаушысын лицензиядан айыру туралы талап арыздар қазіргі таңда сотпен қаралу сатысында.

Ұқсас ақпараттар

ТІРЛІГІ ЖАНДАНҒАН ТОҒЫСТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДА ЖАҢҒЫРУДА

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 22 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

smarttop

Пікір қалдыру