0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

🔷 Қазір Шымкентте 7 білім нысанында қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аумағы кеңейтіліп жатқан бірқатар білім ошақтарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сайрам шағынауданындағы №65 мектеп-гимназиясының қосымша 600 орындық оқу корпусы бой көтеруде. Соңғы үлгіде салынған ғимаратта сынып бөлмелері, кітапхана, логопед кабинеті, спортзал, 220 орынға арналған асхана қарастырылған. 🔷 Мұрат Дүйсенбекұлы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №45 мектеп-гимназиясында да болып, 300 орынға арналған 3 қабатты қосымша ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстарын қадағалады. Заманауи талапқа сай салынған оқу корпусында сынып бөлмелерінен бөлек, спортзал, зертхана бөлмелері, 78 орынға арналған асхана қарастырылған.

Тас конструкцияларынан ғимараттарды және үймереттерді қайта конструкциялау үшін оның негізгі көтеру конструкциясының нақты беріктігін білу қажет. Бұл бағалау әдетте қиратып және қиратпай сынау әдістерімен сол ғимараттың кірпіш ерітіндісінің беріктігін және сонымен қатар болаттың аққыштық шегін анықтаймыз. Бұл жерде бірден-бір көтеру конструкциясының қабілетінің төмендеу факторлары міндетті түрде ескерілуі тиіс (жарықшақ, жергілікті зақымдалулар, эксцентриситеттің вертикал бойынша үлкеюі, көтергіш конструкциялар арасындағы кемуі немесе бұзылуы, мұнан басқа жабын және қабатаралық жабын плиталарының прогондарының жобалық жағдайдан ауытқулары). Тас конструкциясының негізгі сығу күшіне жұмыс істейтіне ескере отырып оларды күшейтудің ең ұтымды тәсілі болып болаттан, темірбетоннан және арматураланған ерітінділер арқылы арнайы құрсау жасау болып табылады.

“ Ғимараттардың интерері классикалық үлгіде болуы керек. Бұл ретте дизайнерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіңіздер. Құрылысқа қатысты өзекті мәселелер дер кезінде шешілуі тиіс” — деді қала әкімі. 🔷 Мұрат Дүйсенбекұлы М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының да қосымша корпустарының құрылысын тексерді. 1 100 орынға арналған ғимаратта сынып бөлмелері, 250 орындық акты залы, спортзал, 320–орындық асхана құрылысы жобаланған. Қала әкімі жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, нысандарды өндірістік кестеге сай саяқтап, үш ауысым мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. 🔷 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

smarttop

Түркістан облысында экстремистік-террористік сипаттағы 9 қылмыс тіркелді

smarttop

ШЫМКЕНТ: 542 АЗАМАТ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру