16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 22 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімінің Тұран ауданы халқымен есептік кездесуінде жарықтандыру мәселесі қозғалды. Биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Қазіргі Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталып, нысан маусым айында толық іске қосылатын болады. Сонымен қатар, Қаратау ауданында 70 көшеге асфальт төселеді. Асфальт төсеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында және «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Биыл Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Айта кетейік, Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Осыған сәйкес, талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

Сонымен қатар, жыл соңынай дейін жарықтандырылатын көшелер тізімі төмендегілер: 🔷 1. Жанаталап ш/а Әбдраймов көшесі 2. Ақтас тұрғын алабының орталық көшесі 3. 112 ш/а Народовольцев көшесі 4. Отырар ш/а Ішкі орам көшесі 5. Кіші Самал ш/а Ескендіров көшесі 6. Кіші Самал ш/а Әбсеитов көшесі 7. Чехов көшесі 8. Қазығурт ш/а Аққыстау көшесі 9. 4 ш/а Балапан Ата көшесі 10. Спорт ш/а Ішкі орам көшесі 11. Самал-1 ш/а Әбдраимұлы көшесі 12. Қойбағаров көшесі 13. Металист көшесі 14. Қазығұрт ш/а Бөгенбай батыр көшесі 15. Қазығұрт ш/а Мүсірепов көшесі 16. Қазығұрт ш/а Бақытты көшесі 17. Қазығұрт ш/а Қызылқұм көшесі 18. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше 19. Жаңаталап е/м Айдарқұлов көшесі 20. Құрсай е/м Таңатар көшесі 21. Құрсай е/м Аққыстау көшесі 22. Құрсай е/м Қармақшы көшесі 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Sarap» эксперттік клубының «Жолдау –2022: Қазақстанда қандай реформалар жүргізіледі?»

smarttop

ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ:ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ ЖҮРУІН ТЕКСЕРУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру