Шымкент қала әкімінің 2021-2025 жылдарға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Тұран ауданының инфрақұрылым, соның ішінде жол жөндеу жұмыстарына 8,4 млрд. теңге қаржы қаралған. Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында ұзындығы 189 шақырымды құрайтын 126 көше асфальттанады. Жоспарға сәйкес, 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 миллион теңге бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, олар Ынтымақ шағын ауданындағы Имантау көшесі, Есенов көшесі, Шардара көшесі, Бәйдібек би даңғылында орналасқан Прайм парк тұрғын үй кешенінен А-2 тас жолына дейінгі аралық, сондай-ақ Самал-3 шағын ауданындағы Юсупов және Алпамыс батыр көшесі.
Былтыр ауданда 19 шақырымды құрайтын 21 көше асфальтталып, 26 шақырымды құрайтын 36 көшеге шағал тас төселген. Ал биылғы 2023 жылы 19,1 шақырымды құрайтын 31 көше асфальталады және 85 көшеге шағал тас төселеді деп күтілуде. ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫ Айшықты көшесі АҚТАС ШАҒЫН АУДАНЫ Ащыөзек көшесі Атауы жоқ №4,5,7 көшелер ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ Құлантөбе көшесі Құрсай көшесі Қосарал көшесі Әулиекөл көшесі Егізтөбе көшесі Тұрбат көшесі Өзкент көшесі Тастыкөл көшесі Атау жоқ көше Сатқанбайұлы көшесі Шеңбертал көшесі Таңбалы көшесі Ақөзек көшесі К.Мамешов көшесінің тұйығы Зайсан көшесі Бекболатов көшесі АГРОПРОМ ШАҒЫН АУДАНЫ Ақбаян көшесі Атауы жоқ көше Алтынтөбе көшесі ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙЫНША Айкөл т/а атауы жоқ №2, 3 көшелер Агрофирма Қарасу ш/а Ақбастөбе көшесі Агрофирма Қарасу ш/а Сарытау көшесінің жалғасы Карл-Маркс ш/а Бадам көшесінің жалғасы Жаңаталап т/а Айбар көшесі Жаңаталап т/а Т. Айдарқұлов көшесі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі