22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

«БИИК-ШЫМКЕНТ» КЛУБЫ – ЕЛ КУБОГЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

🔷 Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті. 20-26 сәуір аралығында қалада өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары ел кубогы жолындағы жарыстарда 14 дүркін жеңімпаз атанды. Қазақстан Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде жергілікті команда Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының ойыншыларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. 🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады. Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш! Бүгінде ұлттық құрамада 7 футболшы қызымыз өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр. 🔷 Сондай-ақ, «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі — команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЕНДІ БОЛМАЙДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА АШЫЛУЫЛАРЫ

smarttop

Пікір қалдыру