12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАБАСТАУ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ 50%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

🔷 Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Қарабастау елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. 🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қарабастаудағы су құбырларының құрылысымен танысты. Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген. 🔷 Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекеме құрылысты 50 % аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізді. Атқарылған жұмыстарды бақылаған Мұрат Дүйсенбекұлы нысан құрылысының сапасына мән беруді және кестеге сәйкес дер шағында орындауды жауапты басшыларға мұқият тапсырды. – Мұндағы жұмыстың өзі заңнамамен регламенттелген. Ол жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.  Серіктестіктің өзіне алған міндеттемелерін орындауы жыл сайын тексеріліп отырады. Тарифтік смета бойынша жеке қаралады, өзінің бағасына сай  тікелей шығындар, сондай-ақ  инвестициялық бағдарламаның орындалуы жеке-жеке қарастырылады. Қазіргі таңда 240-қа жуық су арналары тексерістен өтіп, нәтижесінде табиғи монополия субъектілері  8,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға  өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Осылайша үнемделген қаржы  субъекттің  тарифтерінен шегеріледі де сәйкесінше орындалмаған қаржыға тең көлемде төмендейтін болады.  Ал Шымкент қаласы «Су ресурстары» бойынша айтсақ 5,5 миллиард теңгеге міндеттемелері бар. Олар толық дерлік орындалған, — дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Орман.

Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр. 🔷 Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖАППАЙ СЕНБІЛІКТЕ ЕРІКТІ ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

smarttop

“ШЫМКАЙ” ЖИҺАЗЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАМИДЫ

smarttop

Пікір қалдыру