Бүгінде қаладағы шағын аудандарға жаңа қоқыс контейнерлері қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай.
Жыл сайын бір қазақстандық шамамен 400-450 кг қоқыс шығарады. Қалдықтардың көпшілігі тұтыну өнімдерінен және ұсақ қоқыстардан тұрады: бөтелкелер, кәмпит орамдары, қораптар. Тәжірибе көрсеткендей, барлық жерде арнайы қоқыс жәшіктер мен полигондар бола бермейді. Ол ұзақ уақыт бойы қоқыс жәшігінен тыс қалып, айналасын ретсіздік жайлап, қалдықтар тау болып үйіліп, кейіннен стихиялық полигондарға айналады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша елімізде тек өткен жылы ғана 8 884 стихиялық қоқыс орындары пайда болған. Нәтижесінде, қоқыс сыртқа лақтырылған кезде, ол қаланы ластап ғана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті заттар шығарып, қоршаған ортаға зиян тигізеді.
Жобаның барлық жұмысы адамдарды қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық орындарда қоқыс тастамауға үйретуге және айналасындағы адамдарды экологиялық этикетке үйретуге, сол арқылы қалалық эко-жүйелерді қорғауға бағытталған.
Соның ішінде Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері орналасқан. Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшасындағы, басты және ішкі орам көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен айналысатын 2 мекеме — «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-і жұмыс істейді. Қазір «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і қоқыс алаңшаларында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында арнайы химиямен жуу, хлорлау, дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі