13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс- шара өтті. Бүгіндері қаламыздың мәдениет саласындағы 21 мекемеде 2000-ға жуық маман ұлттың рухани және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтауда бар күш-жігерлерін жұмылдырып қызмет етіп келеді.

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деген есті сөзі әлі де ел жадында.

🔷 Мерекелік іс шара театр алдында мәдениет мекемелерінің далалық көрме инсталациясының таныстырылымымен басталды. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихы, мәдениеті, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен айқындалады. Сондықтан бұл мерекелік басқосуда ең алдымен ел мәдениетінің алтын қорына үлес қосып келе жатқан шымкенттік бір топ майталмандар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі және Алғыс хатымен марапатталды. Кеш соңында көрерменге «Оркестрлер шеруі» музыкалық композициясы тарту етілді. 🔷 Концертте «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы Қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, халықаралық байқаулардың лауреаты Жамбыл Мейірбеков, Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің дирижері Мәди Өмірзақ, «Шымкент Цирк» мекемесінің эстрадалық оркестрі көркемдік жетекшісі және дирижері Жандос Аппазов, солистер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Қазақстан мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, эстрадалық оркестр әншісі Диана Хашимханова өнер көрсетті. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 40 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРГЕ ҚЫЗҒАЛДАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

smarttop

Полиция есірткі қоюшының көлігінен 47 дана мефедрон тапты

smarttop

Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

smarttop

Пікір қалдыру