16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ 1, 36 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

🔷 Инвестиция жалпы, елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер етеді. Инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді.

🔷 Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынты¬мақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті¬мен арадағы байланыстың маңыз¬ды ¬екені анық көрінеді. Өйт¬кені, әле쬬䬳к экономикадағы жетеꬬші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас¬ ерекше мәнге ие. Қытайдың экономикалық және саяси ықпалының артуының негізгі қозғаушы
күштерінің бірі шетелдік инвестицияны ынталандыратын экономикалық реформалар болды. Бұл инвестициялар Қытайға өзінің негізгі салаларын дамытуға, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сауданың өсуіне мүмкіндік береді. Қытай экономикасының көтерілуі және айтарлықтай үнемдеу оны ең ірі әлемдік инвесторлардың біріне айналдырды. Сондықтан, бұл сараптамада Қытайдың шетелдік инвестицияларының динамикасы мен заңдылықтарын талдау арқылы оның ықтимал әсері көрсетілді.

🔷 Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Шымкент еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып үлгерді. Қаламыз отандық, шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда. Шымкент аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 млрд. АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асырырылуда. Олардың ішінде ауқымдысы — Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Бұл жобаның құны 1,3 млрд.АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта 380 адам адам жұмыс істейді.

🔷 Ал бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж» жобасының құны 3 млн.АҚШ долларды құрайды. 2018 жылы іске қосылған зауытта қазір 40 адам жұмыс істейді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында жол ережесін бұзған 500-ге тарта қоғамдық көлік жүргізушілері анықталды

smarttop

БИЗНЕС СЕКТОРДА ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ «ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫН» ЖАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру