13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ҚАРСАҢЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

🔷 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай, бүгін Шымкент қалалық Еңбекші ауданында заманауи үлгідегі 3 балалар ойын алаңшасы балалардың пайдалануына берілді.

Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды.
2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.Өткен жылы ауданның аталған секторында 15 ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Соның ішінде 7 алаңша тұрғындардың ұсынысы бойынша салынған. Биыл 32 ойын алаңын қолданысқа беру көзделіп отыр. Балалар алаңшасы тұрғындардың өтінімі негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында орнатылады. Ал, 2023 жылғы жоспарда 23 балалар ойын алаңшасын пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде үш секторға кіретін 15 шағын аудан 100 пайыз ойын алаңшасымен қамтылады. Сонымен қатар, аталған секторларда биыл 3 жаңа спорт алаңы салынып, 5 алаңшаға ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 2023 жылы 5 спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Ауданның III, IV, V секторына Тәуке хан, Д.Қонаев, Мәделі Қожа, Қазыбек би, М.Дулати, Желтоқсан, І.Іляев, Түркістан, Қабанбай батыр, А.Анаров, Ш.Рашидов көшелері және Қарасу, Ескі қала, Дархан, Шымкент май зауыты (МЖК) шағын аудандары кіреді.

Ойын алаңшаларының ашылу салтанаты мерекелік шараға ұласып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балаларға демеушілер тарапынан сыйлыққа ойыншықтар үлестіріліп, тәтті балмұздақ тарту етілді. Биылғы жылы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің 35 үй ауласы абаттандырылып, 25 ойын алаңшасы орнатылады. Ал, алдағы күндері жеке секторлы үйлерде 11 кешенді спорт және ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылатын болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Психолог мамандар Түркістан облысының полицейлері үшін тренинг өткізді

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР НЕЙРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫМЕН БАС МИ ІСІГІНЕ ЕРЕКШЕ ОТА ЖАСАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОАУЫЛДА ЕКІ МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗКӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру