33.3 C
Шымкент
Понедельник, 5 мая, 2025
Smarttop.kz

«JASTAR RUHY SHYMKENT» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

«JASTAR RUHY SHYMKENT» қоғамдық қоры және Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен  «1 Маусым – Балаларды қоғау күніне» орай тимбилдинг және ұлттық ойындар бойынша мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өсіп жатқан балаларды қоғамға бейімдеу, жастар арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу, Қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын, ұлттық дәстүрлері мен патриотизмді ілгерілету.

Іс-шараны «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев ашып беріп, балаларға ақ тілегін арнады. Сонымен қатар Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы А.Туякбаев, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшысы Бахтияр Спановта сөз алып, балаларды құттықтады.

Ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада асық ату, кіртас көтеру, садақ ату, ұлдар арасында күрес, арқан тарту ойындары болды.

Мерекелік іс-шара соңында ұлттық ойындарда үздік нәтиже көрсеткен 50 балаға арнайы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын іс-шараның өтуіне ықпал еткен «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығына Алғыс білдіреміз.

#Шымкент #БалаларКүні

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері шетелдіктен гашиш тәркіледі

smarttop

БЕСІНШІ АУДАНҒА «ТҰРАН» АТАУЫ БЕРІЛМЕК

smarttop

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ»

smarttop

Пікір қалдыру