16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУГЕ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

🔷 Шымкентте коммуналдық қалдықтар мәселесін шешу үшін қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігі туындауда. Қазір қалдықтарды өңдеу зауытын салуға қатысты Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялары қалдықтарды өртейтін зауыттың құрылысын салуды көздесе, Германия инвесторлары полигон салуға қажетті заманауи материалдар ұсынуда. Әлемге әйгілі AUDITORES ENERGETICOS AFN (AEN) компаниясының өкілдері коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізуге қызығушылық танытып отыр.Бұл қалдықтарды (қағаз, шыны және органикалық заттарды) бөлек жинауды қажет етеді. Қатты қалдықтармен жұмыс істеудің интеграцияланған жүйесін қалыптастырудағы маңызды бағыттардың бірі – қалдықтардың әртүрлі түрлерін бөлек жинауға, қайталама шикізаттың жалпы ағынынан қауіпті қалдықтарды бөлуге бағытталған қалаларда қалдықтарды іріктеп жинау жөніндегі қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттырудың экономикалық және ұйымдастырушылық тетігін әзірлеу. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қайта өңделетін шикізатты, яғни макулатураны, пластикті, шыныны, медициналық қалдықтарды және басқа да қалдықтарды жинаумен, әкетумен және өңдеумен айналысады.
🔷 Жобада қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға өңдеу, полигондағы қалдықтарды қайта өңдеу арқылы электр энергиясын өндіру қарастырылған. Бүгінде бизнес өкілдерінің ұсыныстары қаланың ерекшелігіне қарай сарапталуда. Айта кетейік, қазір қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы 1,5 млн тонна дұрыс көмілмеген және 250 мың тонна бей-берекет шашылған қоқыстарды көму жұмыстары толық аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыстарға 24 техника жұмылдырылып, экологиялық талаптарға сай жалпы көлемі 300 мың м3 топырақ төселді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

НАЧИНАЕТСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ НА ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГРАНТ

smarttop

БЫЛТЫР ШЫМКЕНТТІК ЖАС СПОРТШЫЛАР ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬДІ ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру