16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

“ШЫМКЕНТ – ЦИРКІ” ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

🔷 «Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Аз уақыт ішінде шығармашылық ұжым клоун, шапито, джигитовка, жонглерлік және эквилибристика бағыттарында өнер көрсетіп, ел қошеметіне бөленіп жүр. Цирктегі Гигант, Ақбура, Ақтанау, Талисман, Месси атты ақылды аттар халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. Былтырғы жылы жылқылардың қатысуымен ұсынылған “Джигитовка” қойылымы “АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ” фестивалінде 13 мемлекеттің цирк өнерпаздары әзірлеген бағдарламалар арасынан алтын жүлдені иеленді. Aйта кетейік, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған «Оңтүстік – Цирк» 10 жылдың ішінде айтарлықтай жетістікке жетті. «Мачта» номері «Шабыт» фестивалінде 1 орынды, «Үйретілген күшіктер» номері ІІІ орынды жеңіп алды. «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінде «Семафор» және «Әуе гимнастары» номері І орынды «Канат» және «Серіппелі тақтайша» нөмерлері ІІ орын иеленді. Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І орынды иеленді.

Әр жыл сайын жаңа бағдарламаларымен көрермендерін қуантып келген Шымкент Цирк осы уақытқа дейін «Алақай, балақай!», «Ертегілер елінде» «Джунгли», «Иллюзион шоу», «Маскарад», «Ертегі ішіндегі ертегі» «Цирк шақырады», «13 ғажайып», «Наурыз-думан», «13 — Аймақ» «Таңғажайып керуен» және т.б қойылымдарын қойды.

Ақылды аттар арнайы күтіліп-бапталады. Ат құлағында ойнайтын шабандоздар жылқыларды күн сайын жаттықтырып, бабын келтіреді. Алдағы уақытта цирк қызметкерлері жануарлар санын арттырып, заманауи талапқа сай қызықты нөмірлер дайындауды жоспарлауда. Сондай-ақ «Шымкент-циркінің» 10 жылдығына орай ұсынылған «Cirque du Soleil» бағытындағы «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасы да көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

КҮНДЕЛІКТІ 870-ТЕН АСТАМ АВТОБУС МАРШРУТЫН БАҚЫЛАЙТЫН КІМ?

smarttop

«ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕУІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

smarttop

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТА ТҮСУ КЕРЕК

smarttop

Пікір қалдыру