3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 15 ТҰРҒЫН ҮЙДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

🔷 Шымкентте жақында көпқабатты 15 тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін болады. Аталған жөндеу жұмыстары қаржылық- экономикалық негіздеменің қорытындысына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржы қаралған соң басталмақ. 🔷 Көппәтерлі тұрғын үйлердің толықтай шатыры ауыстырылып, жертөлесі, кіреберіс, кәріз құбырлары жаңартылады. Жөндеуден өтетін көпқабатты тұрғын үйлер Әл-Фараби алаңында, Республика даңғылы, Асқаров, Дулати, Жангелдина, Ильяев көшелерінде және Отырар, Спорттық және Шығыс шағын аудандарында орналасқан.  Бағдарлама еліміздің жұмыс істейтін азаматтарына тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік береді және ипотекалық тұрғын үй қарызын жылдығы 7%-бен сыйақының ең төменгі мөлшерлемесі бойынша, несиеге берілетін тұрғын үй құнының 20%-ынан басталатын бастапқы жарнамен, 25 жылға дейінгі қарыз мерзімімен алуды ұсынады.Қазіргі уақытта тұрғын үй нарығында түрлі санаттағы азаматтардың мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленген және қарастырылған түрлі ипотекалық бағдарламалар ұсынылған. Бұл бағдарламалар мақсатты ортасы бойынша да, іске асырудың экономикалық моделі бойынша да ерекшеленеді.Қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін жөндеу жұмыстары аталған тұрғын үйлердің тұрғындарының 70 пайыз келісімі бойынша жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар меншік иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдау арқылы ұсынады. Жөндеу жұмыстарын қадағалауды «Тұрғын үй» Шымкент ЖШС-і жүзеге асырады. 🔷 Айта кету керек, бұдан бөлек, қазіргі таңда 10-нан аса тұрғын үйге техникалық зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес тиісті мақұлдау шаралары қабылданған жағдайда, бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлер жөндеуден өтуі мүмкін. 2022 жылы қалада 60 көпқабатты тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізілген болатын. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУЫ ТИІС

smarttop

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ДЕР КЕЗІНДЕ ШЕШІЛУІ ТИІС

smarttop

Түркістан облысының полицейлері үй құжатын заңдастырып беремін деп алаяқтық жасаған ер азаматты ұстады

smarttop

Пікір қалдыру