Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен Ашық есік күнінде 500 адамға мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестер берілді.
Ашық есік күні аясында қатысушылар заң, психология, қаржы және т.б. салаларындағы білікті мамандардан өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Жұмыс барысында әр түрлі сипаттағы сұрақтар болды — отбасы-неке, несиені кешіктіру және кадр мәселесі, еңбек даулары, әлеуметтік жәрдемақы төлеу және зейнетақы рәсімдеу. Жалпы алғанда азаматтардың 25-тен астам сұрағы қаралды. Сауал білдіргендерге білікті мамандардың тиісті ұсыныстары берілді.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылай Оспановтың айтуынша, елордада шетелдіктерді тіркейтін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, автокөліктерге арналған тағы бір қызмет көрсету орталығы іске қосылады.
Тұран ауданының жұмыспен қамту бөлімшесінде өткен шарада мамандар кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясындағы жұмыспен қамтудың белсенді шараларын кеңінен түсіндірді. Жастар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастар бизнесін қолдауға арналған шағын несиелеу бағдарламасының талаптарымен танысты. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін мемлекеттік грант шарттары түсіндірілді. «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасында жас кәсіпкерлерді қолдау шаралары қамтылған. Биыл қалада 447 адамға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант және 21-35 жас аралығындағы 261 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру жоспарлануда. @zhumispen.kamtu @shymkent_aleumettik_korgau