16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

19-МАУСЫМ ҚАЛА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мегаполис жұртшылығын Қала күнімен құттықтады. «Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! 🔷 Сіздерді Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мерекені биыл қаламыз мегаполис мәртебесін алғалы бесінші жыл атап өтудеміз. Осы уақыт аралығында әлеуетіміз артып, экономикамыз өрістеп, мәдени, рухани байлығымыз кемелденіп, қала келбеті көркеюде. Бұл жетістіктерде әрбіріңіздің үлесіңіз бар! Қаланың даму жолындағы әрқайсысыңыздың елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! 🔷 2200 жылдық тарихы бар қаламыз сындарлы шақтардан өтіп бүгінде еліміздің шоқтығы биік қаласына айналды. Ардақты жерлестер!

Қазір қаламызды қауіпсіз әрі өмір сүруге жайлы ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Биыл үшінші мегаполисте көпқабатты 136 үй немесе 7 561 пәтер пайдалануға беріледі. Қоғамдық көлік жүйесін толығымен жаңғырту басталды. 1 тамыздан бастап жаңа жүйе енгізіліп, жыл соңына дейін қалаға 590 автобус әкелінеді. Шымкент әуежайында жаңа жолаушылар терминалы салынуда. Сондай-ақ, Конгресс-холл, амфитеатр, «Цитадель» музейі бой көтеруде. Теміржол вокзалы, орталық стадион, Шымкент мемлекеттік зообағы, дендросаябақ жаңыртылып жатыр. Қаланың негізгі су арнасы – Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылуда. Атшабар аумағында этноқалашық салу, 47 гектар жерге жаңа саябақ өсіру, Шымкент-Сити тұрғын алабында көпфункционалды спорт кешенін салу бойынша жұмыс жалғасын табуда. Құрметті қала тұрғындары! Қазақстандағы үшінші қаланың гүлденуі – шымкенттіктердің патриотизмі мен белсенділігіне байланысты. Туған жерге, шырайлы шаһарымызға жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – перзенттік парызымыз. Шымқаламыз көрікті, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!»

🔷 Қала күні – барша шымкенттіктердің ортақ мерекесі! Сіздерге денсаулық, әрбіріңіздің шаңырағыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін! Барлық игі бастамаларыңыз табысқа, жаңа биіктер мен шығармашылық жетістіктерге жол ашсын! Қаламыз жаңарып, жасарып, сәні мен салтанатына сай көркейе берсін!

Ұқсас ақпараттар

Полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздері мен патрондар тәркіледі

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЮДЖЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҰЛАҒАТ ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗ ШАҒЫНАУДАНДАРЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру