13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бозарық -3 шағынауданында орналасқан спорт кешені ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебіне тиесілі. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Италияның Генуя қаласынан келген қонақтар мен Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары қатысты.
Жаңа спорт ғимаратында 10-16 жас аралығындағы 1000-ға жуық оқушы спорттың 7 түрінен жаттыға алады. Ашылған сәттен бастап 500-ге жуық бала спортпен ауыр атлетика түрлеріне жазылып үлгеріпті. Бұл жердегі барлық зал заман талабына сай жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында ауыр атлетика залы, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медициналық кабинеті бар. Ал, екінші қабатында күрес, грек-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі секілді әмбебап залдар орналасқан.
Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы осындай залдар елімізде сирек екенін айтып, қала әкіміне алғысын жеткізді. Қазір кешенде бірнеше спорт секциялары жұмыс жасайды екен. Жеткіншектер еркін күреспен, бокспен тегін шұғылданады. Сондай-ақ, шахмат пен дойбы үйірмелеріне қатысады. Білікті жаттықтырушылар болашақ Әлем, Азия чемпиондарын даярлауға барын салуда. Әлеуметтік нысанның материалдық-техникалық базасы талапқа сай. Баскетбол, футбол мен гандбол залдары іске қосылған.
–Спортшыларға барлық жағдай қарастырылған залдар елімізде өте сирек. Шымкент қаласынан ауыр атлетикаға арналған, замануи спорт кешені ашылғанына өте қуаныштымыз.Сондықтан  балалардың бос уақытын тиімді пайдаланғанын қаладым әрі бұқаралық спортты дамытуға өз үлесімді қосқым келді. Іске кірісіп, оңтайлы шарттармен несие рәсімдеттім. Бастаған дүние оңға басып келеді. Мемлекеттің демеуіне ризамын. Бізге кәсіпкер атану үшін психологиялық әзірліктен бастап, бизнес-идеяны таңдау, маркетинг ережелерін игеріп кету оңайға түспес еді. Бұл елді мекенде де еліміздің туын көкке көтерер әлем чемпиондары шығады деп үміттенеміз, — деді Азия чемпионы.
«Шымкент келбеті»
Фото – Серік Қосаев

Ұқсас ақпараттар

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СУБСИДИЯЛАУ — АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫНА СЕРПІН БЕРУГЕ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

smarttop

МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫ – ҚАЛАМЫЗДЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ

smarttop

Англияға жұмысқа жіберемін деп, алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру