13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АЛАШ БАЗАРЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ

🔷 Бүгінде Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр.

Мұнда негізінен сауда қатарлары орналасқандықтан, тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
– Қызметкерлер осы жерден нәпақасын тауып отырғандықтан таза ұстайды. Өтіп бара жатқандардың кейбірі қоқыс қалдырып кетеді. Бейнебақылау қойып еді. Тәртіп біршама түзелді. Өткелдің үстінде бейнебақылау бар. Ал ішінде жоқ, – дейді сатушы Мархабат Сүттібаева. Қала тұрғыны бізге тұрғындардың тазалық мәдениетіне назар аударып, тазалыққа қатысты үгіт-насихат жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Расында, қазір бұрынғыдай емес, тәртіп біраз түзелген. Темекі тұқылын тастайтындар да азайыпты. Алайда «Қырғы базар» аялдамасындағы жер асты өткелінің маңындағы заңсыз сауда қатарлары әлі тыйылмай тұрғанын байқадық. Полицейлер кеткеннен кейін қайта бұрынғы әрекетіне кірісетін пысықайлар әлі де баршылық.– Жерасты өткелдерінің тазалық жұмыстары қолға алынып жатыр. Ішкі қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде Төлеметов көшесіндегі жерасты өткеліне жарық шам орнату жұмыстары жүргізілді. Төлеби көшесіндегі «Қызғалдақ» сауда орны маңындағы жерасты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде, – дейді бөлімнің бас маманы.
Қаланы таза ұстау тұрғындардың өздеріне байланысты. Жерасты өткелдері де, жерүсті өткелдері де қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүзеге асып жатыр. Соған сәйкес, қала тұрғындары енді мемлекеттік нысандардың тазалығына дұрыс көзқарас танытса құба-құп.

Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын тексерді. Жер асты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды. 🔷 Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

УЛЫ ГАЗ — ӨТЕ ҚАУІПТІ

smarttop

Казахстан заметно выделяется среди стран ЦА своей внешней политикой

smarttop

Полицейлер жоғалған жас қызды тауып, отбасына қайтарды

smarttop

Пікір қалдыру