Шымкент қаласы әкімдігінің ситуациялық орталығы бірыңғай 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсететін жалғыз орталық болып табылады. Мемлекет басшысының ’’Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асқан бірден-бір жоба. Тұрғындар психологиялық және заң көмегі, жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) жазылу, қоғамдық көліктер мен тұрғындар көп шоғырланған жерлерде жоғалған не тауып алған заттар, еңбек қатынастары мәселелері бойынша қоңырау шалып, мәслелерін шеше алады. Қызмет түрлері: Ауланы абаттандыру; Ауланы жабдықтандыру; Отынмен қамтамасыз ету мәселесі; Қаланы сумен жабдықтау; Өндірістік жұмыстардан кейінгі қалпына келтіру; Газбен жабдықтау; Лифт жұмысы; Қалалық жол инфрақұрылымдары; Денсаулық сақтау; Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау; Тұтынушылардың құқықтарын қорғау; Қоғамдық көлік; ПИК жұмысы ; Тұрмыстық қалдықтар; Су басу ; Ашық құдықтар; ТШК (су ,жылу, электр-энергия); БЖЗҚ бойынша; Білім беру мәселелері ; Заң, тәртіп және тағы басқа мәселелер бойынша. Мекен жайы: Бәйдібек би даңғылы, 116 «Наурыз парк» ТК